АҚШ-та сот Дональд Трамп әкімшілігінің "Америка дауысы" радиосының жұмысын тоқтату туралы шешімін заңсыз деп танып, 1042 қызметкерді қайта жұмысқа алуды міндеттеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Шешімді судья Ройс Ламберт шығарды. Ол билікке бір апта ішінде медиакомпанияның жұмысын қалпына келтіруді тапсырды.
Істі "Америка дауысы" журналистері көтеріп, сөз бостандығы бұзылғанын мәлімдеген. Сот қызметкерлерді жұмыстан босату негізсіз әрі заңсыз жүргізілгенін атап өтті.
Сондай-ақ, АҚШ-тың ғаламдық медиа агенттігінің басшысы Кэри Лейктің мұндай шешімді Сенаттың мақұлдауынсыз қабылдауға құзыреті болмағаны айтылды. Бұған дейін сот қызметкерлерді жұмыстан шығаруға уақытша тыйым салғанымен, ұжымның басым бөлігі іс жүзінде жұмыстан шеттетілген.
