Алматыда қымбат көліктерден құралған кортеж жұрт назарын аударды

Алматыда қымбат көліктерден құралған кортеж жұрт назарын аударды
Фото: видеодан скрин

Алматыдағы Саин көшесімен қымбат көліктерден құралған үлкен кортеж жұрт назарын аударды. Оны куәгерлер видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Желі қолданушылары кортеждің кімге тиесілі екенін талқылап жатыр. Кейбірі мұны Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыға келуімен байланыстыруда. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.