Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Алматыда өртсөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтап жатыр

Алматыда өртсөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтап жатыр
видео кадры

Алматы қаласында қоймадағы өрт оқшауланды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жақын маңда орналасқан қоймаларды қорғау мақсатында өрт сөндіру бөлімшелері өрт сөндіру және қорғау оқпандарын берген. 

"Су үздіксіз берілді. Ғимараттың конструкциялық ерекшеліктеріне байланысты өртті сөндіру жұмыстары қиындады. Нысанның қаңқасы металлдан жасалған, ал қабырғалары сэндвич-панельдермен қапталған. Ғимараттың биіктігі шамамен 10 метр болады", - деді ТЖМ өкілдері.

Оқиға орнында күштер мен құралдар жұмысын жалғастырып жатыр.