Алматыда метроның екінші желісін салу жобасы аясында Медеу және Түрксіб аудандарындағы 37 жер учаскесі мемлекет қажетіне мәжбүрлі түрде алынады. Жаңа метро желісі «Жібек жолы» станциясынан басталып, Алматы халықаралық әуежайына дейін созылады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Әкім қаулыға қол қойды
2026 жылғы 19 маусымда Алматы қаласының әкімі метроның екінші желісін салуға байланысты 37 жер учаскесін мемлекет қажетіне мәжбүрлі түрде алып қою туралы қаулыға қол қойған.
Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасы редакцияның сауалына берген жауабында:
«Қалалық метроның екінші желісін («Жібек жолы» станциясынан Алматы халықаралық әуежайына дейінгі учаске) салу үшін әкімдік тиісті қаулы қабылдады. Мемлекет қажетіне сатып алынатын жер учаскелерін қаржыландыру көлемі тәуелсіз бағалау компаниялары жүргізген бағалау жұмыстарының қорытындысы негізінде анықталады», – деп хабарлады.
Мемлекет қажетіне алынатын жер учаскелерінің толық тізімі
Медеу ауданы:
Гүлбаням Мамырова – Құлжа тасжолы, 2/14 (кадастрлық нөмірі: 20-315-061-011);
Ришат Омаров – Құлжа тасжолы, 2/13 (20-315-061-013);
Сәуле Жұмабекова – Құлжа тасжолы, 22/17 жер учаскесі (20-315-061-347);
«PetroRetail PFS» ЖШС – Құлжа тасжолы, 8/1 (20-315-032-504);
Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы – Құлжа тасжолы, 94/8 жер учаскесі (20-315-062-344);
«EAST LAND» ЖШС – Құлжа тасжолы, 106/1 жер учаскесі (20-315-062-245).
Түрксіб ауданы:
«Buta Capital» ЖШС – 9-ықшамаудан (Әуежай), 18 жер учаскесі (20-317-011-211);
«SG Alatau» ЖШС – «Дехан» өндірістік кооперативі, 132/1 жер учаскесі (20-317-011-188);
Идалия Юмангулова – Нұршашқан ықшамауданы, Бердіқожа батыр көшесі, 77 (20-317-103-162);
Майра Маликқызы Малик – осы жер учаскесіндегі екінші үлес иесі (20-317-103-162);
Салика Үстенова – Санлақ көшесі, 114 (20-317-103-301);
Бақытжан Ақымов – Нұршашқан ықшамауданы, 341 жер учаскесі (20-317-103-341);
Радулин Важитов пен Луиза Абдулжалилова – Бердіқожа батыр көшесі, 75 (20-317-103-413);
Шервахун Арвахунов – Бердіқожа батыр көшесі, 75 (20-317-103-413);
Гүзел Ахунова – Новостройка көшесі, 415 (20-317-103-437);
Ришат Ахунов пен Роза Жаппарова – Новостройка көшесі, 415 (20-317-103-437);
«Халық Актив» ЖШС – 483 жер учаскесі (20-317-103-469);
«Халық Актив» ЖШС – 481 жер учаскесі (20-317-103-470);
«Халық Актив» ЖШС – 489 жер учаскесі (20-317-103-472);
Нұрбуви Масмахунова, Дилярам Масмахунова, Камилям Масмахунова, Турғанжан Масмахунов – Санлақ көшесі, 116 (20-317-103-564);
Болатбек Нарынбаев пен Модангүл Асанова – Бердіқожа батыр көшесі, 73 (20-317-103-651);
Хамражан Турдибакиев – Санлақ көшесі, 117 (20-317-103-592);
Исмат Валиев пен Тұрсынай Валиева – Санлақ көшесі, 102 (20-317-103-601);
Артем Турдыбакиев – Новостройка көшесі, 414 (20-317-103-642);
«Халық Актив» ЖШС – 482 жер учаскесі (20-317-103-656);
«Buta Capital» ЖШС – 340А жер учаскесі (20-317-103-657);
Гүлбостан Таирова – Санлақ көшесі, 111 (20-317-103-673);
Сайдулин Абдрасулов пен Аманиса Шохрятжанова – Санлақ көшесі, 119 (20-317-103-750);
«Niagara Company» ЖШС – 335 жер учаскесі (20-317-103-792);
Кенжехан Әну – Санлақ көшесі, 106 (20-317-103-895);
Ермек Сыдық, Ербол Сыдықов, Ұлтуған Кутпанова, Ақмарал Жарболова – Санлақ көшесі, 104 (20-317-103-896);
Ермек Сыдық – Санлақ көшесі, 104, 1-құрылыс (20-317-103-896);
Ильзат Баратов пен Аидям Баратова – Санлақ көшесі, 115 жер учаскесі (20-317-103-898);
Загирагүл Каумбаева мен Қанат Тасыров – Санлақ көшесі, 113 (20-317-103-905);
Данияр Аманов – «Дехан» өндірістік кооперативі, 337 жер учаскесі (20-317-103-974);
Владимир және Людмила Слюсаренко – Санлақ көшесі, 112 (20-317-103-1247);
«Колёса Авто» ЖШС – Нұршашқан ықшамауданы (20-317-103-1327).
Барлық жер телімі толық алынбайды
Әкімдік әрбір меншік иесінің жер учаскесі толықтай мемлекет меншігіне өтпейтінін атап өтті. Кейбір жағдайда тек жер телімінің белгілі бір бөлігі ғана сатып алынады.
Қала билігінің жоспарына сәйкес, болашақта метроның тағы бір желісі «Сайран» станциясынан Алатау қаласына дейін созылады. 2040 жылға қарай Алматы метросының жалпы ұзындығын қазіргі көрсеткіштен төрт еседен астам ұлғайтып, 50,6 шақырымға жеткізу көзделген. Қазір «Қалқаман» станциясының құрылысы жалғасып жатыр. Сонымен қатар «Барлық» көлік-логистикалық торабына дейін тағы үш станция салуға дайындық жұмыстары жүргізілуде.