Алматы полицейлері пәтерлердің бірінен вебкам-студияның қызметін әшкереледі. Мұнда интернет арқылы ақылы негізде интимдік сипаттағы тікелей эфирлер ұйымдастырылған, деп хабарлайды dalanews.kz.
Полицияның мәліметінше, тексеру кезінде пәтерде онлайн-трансляцияға қатысып отырған қыз бен студия әкімшісі болған. Екеуі де полиция бөліміне жеткізілді.
Тінту барысында пәтерден компьютерлер, бейнекамералар және тікелей эфир жүргізуге арналған арнайы техника тәркіленді.
Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеушілер вебкам-студияны ұйымдастыруға және оның жұмысына қатысы бар басқа адамдарды анықтап жатыр.