Алматыда 2 балдық жер сілкінісі сезілді

Алматыда 2 балдық жер сілкінісі сезілді
Фото: Aikyn.kz

Алматыда 2 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ведомствоның мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында орналасқан. Эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым қашықта болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Алматы тұрғындары жер асты дүмпуін 2 балл шамасында сезінген.