Алматылықтарға жер сілкінісі туралы ескеру келді

Көркем Алдабергенова 21 қыр. 2025 16:48

Алматылықтарға жер сілкінісі туралы хабар келді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Хабарламада қала тұрғындарына қауіпсіз жерге бару керегі айтылған. 

"Назар аударыңыз! Жер сілкінісі! Қауіпсіз жерлерді паналаңыз. Дүмпулер аяқталғаннан кейін ғимараттан қауіпсіз қашықтыққа эвакуациялаңыз! Уәкілетті органдардың нұсқауларын мұқият қадағалаңыз. Қосымша ақпараттар Төтенше жағдайлар департаменті мен Алматы қаласы әкімдігінің сайттары мен әлеуметтік желілерінде, делінген хабарламада.

21 қыркүйекте сағат 16:25-те сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді.Жер сілкінісінің координаттары: 43.165 с.е., 76.824 ш.б.

Жерасты дүмпулерінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 9 шақырым жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 7.2. Магнитудасы MPV 3.8.

Есептік қарқындылығы (баллмен): сезілмейді.

Алматы қаласы аумағында дүмпулер сезілмеген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар