Алматылықтар жер сілкінісін сезді: ТЖД не дейді?

Сағыныш Сардарова 17 ақп. 2026 15:18

Алматылықтар жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, Алматыда жер сілкінісі тіркелген.

"Бекітілген іс-қимыл алгоритміне сәйкес мемлекеттік органдарға хабарланды, нысандарға мониторинг жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

"Сейсмологиялық зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 17 ақпанда Астана уақытымен 15:09-да жер сілкінісін тіркеген.

"Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан шығысқа қарай 74 шақырым жерде орналасқан", - деп жазылған хабарламада.

Жер сілкінісі былай сезілген:

  • Алматы қаласы - 2 балл, 75 шақырым;
  • Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылы - 4 балл, 35 шақырым;
  • Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласы - 4 балл, 39 шақырым;
  • Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Маловодное ауылы - 3 балл, 44 шақырым;
  • Алматы облысы Ұйғыр ауданы Ж.Қайыпова ауылы - 3 балл, 45 шақырым;
  • Алматы облысы Кеген ауданы Саты ауылы - 3 балл, 48 шақырым;
  • Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласы - 3 балл, 52 шақырым;
  • Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы - 3 балл, 62 шақырым;
  • Алматы облысы Кеген ауданы Жалағаш ауылы - 3 балл, 67 шақырым;
  • Алматы облысы Іле ауданы Өтеген-Батыр ауылы - 3 балл, 73 шақырым;
  • Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Көкпек ауылы - 2 балл, 77 шақырым;
  • Алматы облысы Іле ауданы Боралдай ауылы - 2 балл, 84 шақырым;
  • Алматы облысы Алатау (Жетіген) қаласы - 2 балл, 84 шақырым;
  • Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласы - 2 балл, 99 шақырым;
  • Алматы облысы Қонаев қаласы - 2 балл, 103 шақырым;
  • Алматы облысы Кеген ауданы Кеген ауылы - 2 балл, 113 шақырым;
  • Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылы - 2 балл, 115 шақырым;
  • Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы - 2 балл, 123 шақырым;
  • Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылы - 2 балл, 136 шақырым;
  • Алматы облысы Ұйғыр ауданы Қырғызсай ауылы - 2 балл, 136 шақырым;
  • Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылы - 2 балл, 140 шақырым.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove