Алматыға таяу маңда жер сілкінді

Алматыға таяу маңда жер сілкінді
Dalanews.kz коллажы

Сейсмологтар Алматыдан 195 шақырым жерде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Dalanews.kz

Ұлттық деректер орталығының мәліметінше, 14 қазанда Астана уақытымен 12:17-де Қырғызстан аумағында магнитудасы 4,0 балдық жер сілкінісі болған.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметіне сүйенсек, жер асты дүмпуінің эпицентрі Бішкектен оңтүстік-шығысқа қарай 24 шақырымда, ал Алматыдан шамамен 195 шақырым қашықтықта орналасқан.

Қырғызстанның Сейсмология институты елді мекендерде жер сілкінісінің күші шамамен 2,5 балл деңгейінде сезілгенін хабарлады.