Алматыда түтін басқан ғимараттан 50 адам эвакуацияланды

Сағыныш Сардарова 30 нау. 2026 14:55

Алматыда түтін басқан ғимараттан 50 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

ТЖМ мәліметінше, өртсөндірушілер Қарасай батыр көшесінде орналасқан жертөледегі өртті сөндірген. Өртке және қою түтінге байланысты құтқарушылар 5 қабатты ғимараттан адамдарды шұғыл түрде эвакуациялаған.

"Екі адам көмірқышқыл газынан улану белгілерімен көмекке жүгінді. Олардың жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін жедел медициналық көмек ауруханасына жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove