Бұл туралы әлеуметтік желіде "QaztiQet" ЖШС DamuBala жүйесін әзірлеушілер жазды.
"15 000 ваучерге үміткер Алматыда кезекке тұрды. Бүгін, 3 мамыр күні, сағат 18:46-да Алматыда кезекке тұрудың бірінші кезеңі аяқталды. Оператордың келісімі бойынша тегін секциялар мен үйірмелерге тіркеудің жоспарланған лимиті 15 мың орынға дейін көбейді", - деп жазды әзірлеушілер.
Енді қаланың әр ауданындағы ваучерге қажеттілікті бағалағаннан кейін кезекке тұру қайта ашылады.
Екінші кезеңнің басталу уақыты туралы әзірлеушілер қосымша *осы аптада* хабарлайды!