Freedom Inside '26

Алматыда тағы бір жер сілкінісі тіркелді

Алматыда тағы бір жер сілкінісі тіркелді
Алматы облысы ТЖД

ҚР ТЖМ "ННЦСН и И" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 4 наурызда 12.54-те жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 255 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.

"Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.9. MPV магнитудасы - 5.3. Эпицентрдің координаттары 41.22° С. Е. 78.47° ш. б. Тереңдігі - 10 шақырым", - деп жазылған хабарламада.

Алматыда 2 балл болып сезілген.