Мерекелік концерт сахнасында «КешYou», тобы, Мөлдір Әуелбекова, Айдар Тұрғанбек және «Алашұлы» ұжымы өнер көрсетті. Іс-шараны «Жаңа күн» прологымен «Алатау» дәстүрлі өнер театрының әртістері ашты.
Келушілер бір-бірін көктемнің басталуымен құттықтап, бір-біріне жақсы тілектер айтты. Мереке би және күймен көмкеріліп, барлық қонақтарға бауырсақтар мен наурыз көже ұсынылды.
Концертке еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Оразалин, ҚР Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, ҚР Халық әртісі Роза Рымбаева, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Құдайберген Бекіш, актриса Қаракөз Сүлейменова және басқалар қатысты.