Алматыда жер сілкінісі қайталана ма?

Көркем Алдабергенова 21 қыр. 2025 18:12

Алматы қаласы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Дамир Ермағанбетов жер сілкінісі туралы хабардан кейін тұрғындарға сабыр сақтауды өтінді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Құрметті алматылықтар және қала қонақтары! Бүгін, 21 қыркүйек күні шамамен сағат 16:25-те Астана уақытымен Алматыдан 9 шақырым қашықтықта сейсмикалық станциялар жер сілкінісін тіркеді. Оның дүмпуі сезілген жоқ. Үрейленуге және алаңдауға негіз жоқ. Жағдай төтенше жағдайлар департаментінің бақылауында. Сейсмология институтының деректеріне сәйкес, қайталама афтершоктар күтілмейді", - деді ол бейнеүндеуінде.

Еске салайық, бүгін Алматыда жер сілкінісі тіркелді. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар