Алматыда екі блогер ұсталды

Көркем Алдабергенова 23 қаң. 2025 10:01 1297

Алматыда блогерлер ақша бопсалағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Полиция қызметкерлері жәбірленушінің арызы бойынша кәсіпкер мен екі блогерді ұстады. Күдіктілер әлеуметтік желілерде компроматтар жариялаймыз деп қоқан-лоққы көрсетіп, 8 миллион теңге бопсалаған.

Сондай-ақ олар жәбірленушіні сот шешімімен кәсіпкер төлеуге міндеттелген 20 миллион теңгені талап етуден бас тартуға көндірмек болған.

Қаскөйлер 10 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталды.

ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар