Алматыда алимент төлемейтін такси жүргізушілерінің табысы бақылауға алынбақ, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қадағалау органдарының мәліметінше, кейбір борышкерлер ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелгенімен, іс жүзінде такси қызметі арқылы табыс тауып келген.
2025 жылы осындай 110 дерек анықталып, 57 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал 10 жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Мәселені шешу үшін Алматы прокуратурасы мен Yandex Qazaqstan ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, табысты жасыру фактілерін анықтау және алимент қарызын өндіріп алу бойынша ақпарат алмасуды күшейтті.
