Алматы облысында 20 мектеп салынуда

Dalanews 23 қыр. 2022 18:14 1000

Мемлекет басышысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің  халыққа Жолдауында «біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың  заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз» деген болатын. Жолдаудағы бұл жарқын бастама республикадағы талай білім ордаларының келбетінің жаңарып, апатты және үш ауысымда оқитын мектептердің санының азаюына ықпал етері анық.

Баршаға мәлім, үш ауысымды оқытуды жою Fлматы облысы үшінде өткір мәселе болып тұр. Облыс бойынша үш ауысымды оқытатын 52 білім ұясы болса, соның бесеуі Еңбекшіқазақ ауданына тиесілі.

Осыған орай Есік қаласында мектеп құрылысы жүргізілуде, Ташкенсаз және Қазақстан ауылдарындағы мектептерге жапсаржай салу жұмыстары аяқталды.

Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы Еңбекшіқазақ ауданының халқымен кездесу шеңберінде Хусаин Бижанов ауылындағы және Шелек ауылындағы Алтынсарин атындағы орта мектептерде акт залы жоқ, қосымша құрылыс салу қажеттігін айтты.


Сондай-ақ, Сарыбұлақ ауылындағы орта мектепке жаңа ғимарат құрылысы қажет етіп тұрғаны тағы бар.  Қаражота ауылындағы Б. Момышұлы атындағы орта мектептіңде тзығы жетіп, қабырғалары сөгітіліп тұр. Оғанда күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу керек екен.

Естеріңізге саламыз, биыл облыста 20 мектептің құрылысы жүргізілуде.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар