Алматы маңында түн ішінде 6 рет жер сілкінген

Dalanews 25 қаң. 2024 04:54 1108

Алматыдан 275 шақырым жерде, Қытайда жерасты дүмпулері тіркелді. Осылайша, өткен түнде Қазақстан маңында алты рет жер сілкінді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция деректерінде келтірілген.

"Сейсмикалық станциялар желісі 25 қаңтарда Алматы уақыты бойынша 07:43-те жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 275 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан", - деп жазылған хабарламада.


Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,6. Магнитудасы MPV - 5,5. Тереңдігі - 15 шақырым.

Қазақстан аумағында сезілгені туралы мәлімет жоқ.

Айта кетейік, 23 қаңтарда Алматыда жер сілкінісі болды. Жер сілкінісі MSK-64 шкаласы бойынша Алматыда 5 балл, Шымкент 2 балл болып сезілген.

Сурет: depositphotos.com

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар