Еліміздегі облыс әкімдерінің ай сайын қанша жалақы алатынын INFORMBURO.KZ сайты анықтап, тізбесін жариялады. Тізімге көз салған адам облыс әкімдерінің арасында ең көп жалақыны Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков алатынын байқайды. Оның айлығы 953 260 теңгені құрайды екен. Ал ең төменгі жалақы 636 974 теңгені Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов алатын болды. Сайт қызметкерлері барлық әкімдерге сұрау салғанымен тең жартысы айлығын жасырса, енді бірі «сайттан қарап алыңыздар» деп кеңес беріпті.