Әйелдер вагоны алғаш рет халықаралық бағытқа шығады

Әйелдер вагоны алғаш рет халықаралық бағытқа шығады
ҚТЖ

Қазаннан бастап алғаш рет №1/2 Алматы - Ташкент халықаралық пойызының құрамына әйелдер вагоны қосылады, деп хабарлайды dalanews.kz.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ басқарма төрағасы Әнуар Ахметжановтың сөзінше, бұл қызмет ішкі теміржол бағыттарында да жолаушылар арасында жоғары сұранысқа ие.

"Әйелдер вагоны іске қосылғаннан бері оны 946 мыңнан аса жолаушы пайдаланды", - деді ол.

Пойыздар күн сайын қатынайды:

  • Алматы станциясынан жөнелтілуі - cағат 19:05; 
  • Ташкент станциясына жетуі - сағат 12:53 (Ташкент уақытымен); 
  • Ташкент станциясынан жөнелтілуі - сағат 14:41 (Ташкент уақытымен);
  • Алматы станциясына жетуі - сағат 08:51. 

Жаңа вагон іске қосылғаннан кейін әйелдер вагоны қолжетімді бағыттар саны 14-ке жетеді.