Абылай Мырзахметов мерзімінен бұрын босатуды сұрады

Сағыныш Сардарова 15 мам. 2025 09:39 698

Абылай Мырзахметов мерзімінен бұрын босатуды сұрады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Биыл 2 мамырда сотқа сотталушыдан шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш түскен.

"Бұл өтініш әлі қаралған жоқ", - деді Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі өкілі.

Айта кетейік, Абылай Мырзахметов Павлодар облысындағы № 46 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатыр. 

Былтыр "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының экс-төрағасы Абылай Мырзахметовке сот үкімі шықты.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін Абылай Мырзахметовке қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК 190-бабы  4-бөлігінің 2) тармағы).

Сот үкімімен А.Мырзахметов аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 10 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, мемлекет кірісіне қылмыстық жолмен алынған 5,8 млрд. теңге сомасында ақша қаражаты тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар