“Қайрат” футбол клубының жас қақпашысы Шерхан Қалмырзаның Instagram желісіндегі оқырман саны 4 есе артты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Матчқа дейін футболшының 85 мың оқырманы болған. Ойыннан кейін небәрі 3 күн ішінде парақшасына 266 мың адам жазылған.
Айта кетейік, Қалмырза Чемпиондар лигасы тарихындағы үшінші ең жас қақпашы.
Ол 30 қыркүйекте Алматыда өткен "Қайрат" пен "Реал" арасындағы тарихи матчта өз шеберлігін көрсетіп, әлем назарына ілінді. Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) "Қайрат" қақпашысы Шерхан Қалмұрзаның сейвін Чемпиондар лигасының ойын күніндегі үздіктердің бірі деп атады.
УЕФА баспасөз қызметі жазба жариялап, онда жанкүйерлерден қай сейвтің үздік болғанын таңдауды сұрады.
Үздік бестіктің қатарына алматылық команданың 18 жастағы қақпашысының ойыны енді. Ол тарихи "Спортингке" қарсы матчтың небәрі бесінші минутында команданы қауіпті соққыдан құтқарып қалды.