2026 жылдан бастап жалақысы көп қазақстандықтар МӘМС үшін көбірек төлейді

Фото: әлеуметтік желіден
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жарналарын есептеу үшін қолданылатын жоғарғы шек 10 ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) 50 ЕТЖ-ға дейін көтерілмек, деп хабарлайды Dalanews.kz.

2025 жылға белгіленген 1 ЕТЖ – 85 мың теңге. Бұл өзгеріс жалдамалы жұмысшылардың 9%-ына немесе 508 мың адамға әсер етеді, деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Реформаның екінші кезеңінде мемлекет тарапынан МӘМС-ке жасалатын жарналарды біртіндеп арттыру жоспарланып отыр.