2023 жылы Алматыда 1705 ШОБ нысанына қолдау көрсетілді

Dalanews 21 жел. 2023 08:35 857

2023 жылы ШОБ-тың қала экономикасына қосқан үлесі 60%-ға дейін артады деп күтілуде, деп хабарлады Алматы әкімі Ерболат Досаев Астанада өткен ОКҚ брифингінде.

– ШОБ-ты қолдау – мегаполис экономикасында және алматылықтарды жұмыспен қамтуда ерекше рөл атқаратын негізгі басымдықтардың бірі. Биыл бюджеттен субсидиялауға, кепілдік беруге және кредиттеуге 51,1 млрд. теңге бағытталды. Бұл 1 705 ШОБ жобасын қолдауға мүмкіндік берді, – деді Алматы әкімі.

Қала әкімінің айтуынша, өңдеу өнеркәсібін дамыту мақсатында көлемі 88 мың шаршы метр, 10,2 млрд. теңге инвестиция сомасына 18 шағын өнеркәсіп паркінің құрылысы белсенді жүргізілуде. Бұл 2 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар