Осылайша, 2016 жылы Қытайда бүтін бір Қазақстанның халқы немесе 17,6 миллион адам дүниеге келген. Ал, 2011-2015 жылдар аралығында әр жыл сайын 1,4 миллион сәбиден туылып отырыпты.
Туу көрсеткішінің күрт артуына 2015 жылы заңға енгізілген өзгерістер себеп болған. Бұл құжатқа сәйкес, 2016 жылдан бастап әр отбасына қойылып келген 1 бала шектеуі алынып тасталды.
«Бала туа алатын әйелдердің саны 5 миллионға дейін қысқарып кетуінен кейін туу көрсеткіші бірден өсіп отыр. Бұл үкіметтің дер кезінде қолға алған шарасы болып отыр», — дейді ҚХР Денсаулық сақтау және отбасын жоспарлау ұлттық комиссиясы жетекшілерінің бірі Ян Вэньчжуан.
Оның айтуынша, 2020 жылға дейін Қытайдағы бала туа алатын әйелдердің саны жыл сайын 5 миллионға кеміп отырады. Соған қарамастан, елдегі туу көрсеткіші жыл сайын 17-20 миллион сәбиден кем болмақ емес. Осылайша, ХХІ ғасырдың екінші онжылдығында елдегі халық саны 1,42 миллиард адамға жетеді. 2015 жылдың желтоқсанында бұл көрсеткіш 1,37 миллиардқа тең болатын.
Осынау мақсатқа қол жеткізу үшін Қытай үкіметі медицина қызметкерлерінің санын арттырып, жаңа перзентханалар салуды көздеп отыр.
Дереккөз: sn.kz