Болмысы бекзат, бітімі бөлек...

Dalanews 27 қар. 2022 11:44 239

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі дүниеден өткен көрнекті жазушы Мархабат Байғұтты ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне қатысып, Мемлекет басшысының көңіл айту хатын жеткізді.

Болмысы бекзат, бітімі бөлек, жазуы ерек, жаны жайсаң, алашқа ардақты, қалың қазаққа қадірлі қаламгер Мархабат ағаны ақтық сапарға, мәңгілік мекеніне шығарып салдық. 

Қаралы қауымға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың көңіл айту сөзін жеткіздім, - деді Дархан Қыдырәлі.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x