Елімізде базарлардың жұмыс уақыты 20:00-ге дейін ұзаруы мүмкін

Dalanews 25 там. 2020 03:23 244

Қазақстандық кәсіпкерлер базарлардың жұмыс уақыты 20:00-ге, ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмыс режимін сағат 22:00-ге дейін ұзарту туралы бастама көтерді, деп хабарлайды Dalanews.kz Stan.kz-ке сілтеп.

Өз ұсыныстарын отандық кәсіпкерлер үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановқа жеткізген. Өз кезегінде вице-премьер денсаулық сақтау министрлігіне жақын арада өтетін COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-та сауда нысандарының жұмыс уақытын ұлғайту бойынша кәсіпкерлердің барлық ұсыныстарын шығаруды тапсырды.

 "Осы аптада өтетін үкіметтік комияссия отырысында нақты шешім қабылданады", - депті Ералы Тоғжанов.


Айта кетейік, коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның мәліметінше, елдегі эпиджағдай жақсы болса, тағы бірқатар бизнестің жұмысы қайта жанданбақ.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x