Ильми Умеров: "Қырым татарлары тозақта өмір сүріп жатыр"

Dalanews 24 сәу. 2015 08:00 226

[caption id="attachment_10270" align="alignright" width="290"] Ильми УМЕРОВ, Қырым татарларының Меджлисі төрағасының орынбасары[/caption]

Қырым түбегіндегі татарлардың қазіргі ахуалы қандай? Олар Ресейді ресми билік ретінде мойындай ма? Өткен жылғы референдумға қандай баға береді? Кремль олардың тағдырына қаншалықты алаңдап отыр? «Қала мен Дала» газетінің осы және өзге де сауалдарына Қырым татарларының Меджлисі төрағасының орынбасары Ильми Умеров жауап берді.

 – Кейбір орыс саясаттанушылары, саясаткерлері «Қырым татарлары қалыптаспаған ұлт» дейді. Осы сөз қаншалықты қисынды? Бұл сіздердің ашуларыңызға тимей ме? Бұған не деп жауап қатар едіңіз?

Алдымен мынаны айтайын. Қырым татарлары Қырым түбегінде қалыптасқан және 400 жыл бойына өз мемлекеті болған халық.

Қырым татарлары мен Ресей империясының арасындағы бүгінге дейінгі қарым-қатынас трагедиялық оқиғаларға толы. Ресей империясы Қырымды әжептәуір ұзаққа созылған айқастан кейін, 1783 жылы қол астына қаратады. Қырым хандығын біржолата құртады. Хандық сол кездегі аса ықпалды елдердің бірі болатын.

– Сіз бір сұхбатыңызда Ресейді «құбыжыққа» теңепсіз. Бұлай деуіңізге не себеп болды?

– Менің ғана емес, жалпы татарлардың тарихи санасындағы Ресей – «құбыжық ел». XVIII ғасырдың аяғындағы және ХХ ғасырдың басындағы еркінен тыс эмиграцияның кесірінен түбектегі қырым татарларының саны күрт азайып кетті. Бұл кімнің кесірінен болды деп ойлайсыз?

Қырым автономды Кеңес социалистік республикасы кезіндегі қуғын-сүргінді де ешқашан ұмытпаймыз. Кешірмейміз. Бізді туған жерімізден қуу, 1944 жылдың 18 мамырындағы жаппай жер аудару қырым татарларының ең үлкен трагедиясы.

57bee051dc567– Туған жерге қай жылы, қай кезде қайтып оралдыңыздар?

– «Қызыл империя» құлағаннан кейін ғана татарлар кіндік қаны тамған жерге қайтып оралуға мүмкіндік алды. Бірақ сонда да қорықтық. Өткеннің елесі қалған ғой көз алдымызда. Тағы да қуғын-сүргінге ұшыраймыз ба деп қауіптендік.

КСРО-ның құлауына қырым татарлары да үлес қосты. 50 жыл бойына қырым татарларының ұлттық қозғалысы қалыптасты, дамыды. 50 жыл бойына біз туған жерімізге қайтіп келу үшін күрестік.

Қырымға жаппай көшіп келгеннен кейін (бұл 90-шы жылдардың басы болатын) көптеген қиындықтар туды. Бұл бір жағынан заңды. Тәуелсіздік алған Украина аяғынан енді-енді тұрып жатқан кез еді бұл.

Бәрінен бұрын қырым татарлары осындағы өз билігінен зардап шекті. Халық пен биліктің арасындағы қарым-қатынас күрделі болатын. Қазір де солай. Бір кездері Киевтің алдында қырым татарларын сұмпайы етіп көрсеткісі келгендер, қазір бұл әрекетін Мәскеуің алдында жалғастырып жатыр. Сондай бір топ бар...

– Қазіргі күні Меджлистің ықпалы қандай? Жалпы бұл ұйым қашан, қалай құрылды?

[caption id="attachment_10272" align="alignright" width="196"]934792_1489323567979178_8062440711592691429_n Қырым татарларының көшбасшылары Ильми Умеров, Мұстафа Жемілов және Рефат Чубаров.[/caption]

– 1991 жылы қырым татарлары ұлттық қозғалысының белсенділері Құрылтай өткізіп (250 делегаттың басын қосқан халықаралық съезд) қырым татарларының Меджлисін таңдады. Бұл 33 адамнан тұратын және сайланатын өкілетті орган. Содан бергі уақытта Меджлис татар халқының мемлекеттік және халықаралық деңгейдегі сөзін сөйлейтін, мүддесін қорғайтын бірден-бір құрылымға айналды.

1999 жылдан бастап Меджлис толық құрамында сол кезгі Украина Президенті Леонид Кучманың жарлығына сай Украина Президенті жанындағы қырым татарларының ресми өкілдігі ретінде мойындалды.

Мен мұның бәрін бекерге айтып отырған жоқпын. Әсіресе, қазіргі ТМД кеңістігіндегі халықтар бізді өмір бойы боданнан көз ашпаған ел деп ойламауы керек. Дәл осы тарихи жағдайларды түсіне отырып сіздер қазіргі қырым татарларының Ресейге қосылуға не себепті қарсы шыққанын түсінесіздер. Ресейлік ақпарат құралдары «қырым татарлары Ресейге қосылғаны үшін өздерін бақытты санайды» депті. Мұның ешбіріне сенбеңіздер. Бақыттан басымыз айналып жүрген жоқ...
Тағы бір айта кетер жайт, негізінде бұл референдумға Қырым тұрғындарының 35-40 пайызы ғана қатысты. Ресейшіл биліктің 83 пайыз деген дерегі өтірік. Ал әлгі 35-40 пайыз қырым татарларын күштеп көшіргеннен кейін осында қоныстанып алған, Ресейді шын жүрегімен сүйетін, Украинаны шын ниетімен жек көретіндер...Тұрғындардың бұл тобы шынымен де бақытты, ал өзгелері ше? Біздің пікірімізбен кім санасады?

– Қырымдағы әзіргі ахуал қандай?

– Қазіргі жағдай аумалы-төкпелі. Мұның өз себебі бар. Қазір барлығын қамтып айту мүмкін емес.

Қырым татарларының 99 пайызы референдумға бойкот жариялады және оның нәтижелерімен келіскен жоқ. Неге? Мұны өздеріңіз де білесіздер. Бұл референдум мүлдем заңсыз, тиісінше оның нәтижелері де түкке тұрмайды.

Біз Қырымды Ресей агрессиясына тап болған Украинаның бір бөлігі деп есептейміз.

Тарихтың да өз заңдылықтары бар. Бүгін болмаса ертеңгі күні Қырымды басып алғандар, күштеп қол астына қаратқандар халықаралық құқық негізінде өз жазаларын алады.

Тағы бір айта кетер жайт, негізінде бұл референдумға Қырым тұрғындарының 35-40 пайызы ғана қатысты. Ресейшіл биліктің 83 пайыз деген дерегі өтірік. Ал әлгі 35-40 пайыз қырым татарларын күштеп көшіргеннен кейін осында қоныстанып алған, Ресейді шын жүрегімен сүйетін, Украинаны шын ниетімен жек көретіндер...Тұрғындардың бұл тобы шынымен де бақытты, ал өзгелері ше? Біздің пікірімізбен кім санасады?
Қырым автономды Кеңес социалистік республикасы кезіндегі қуғын-сүргінді де ешқашан ұмытпаймыз. Кешірмейміз. Бізді туған жерімізден қуу, 1944 жылдың 18 мамырындағы жаппай жер аудару қырым татарларының ең үлкен трагедиясы.

– Осындағы орыс билігі мен қырым татарларының қазіргі қарым-қатынасы қандай?

– Нашар. Бүлдірген біз емеспіз. Былтыр, биліктің біздің халыққа деген көзқарасын анық аңғартатын біраз оқиға болды. Бұлардың барлығы да назар аударуға тұрарлық.

Тек бірнешеуін ғана мысалға келтірейін: Қырымға татарлардың көшбасшысы, ұлттың сөзін сөйлейтін тұлғалар Мұстафа Жемілов пен Рефат Чубаровтың кіруіне тыйым салды. Бұл өз алдына... Шыдадық. Артынша Симферопольдің орталығында 18 мамырдағы жер аударудың құрбандарын еске алатын қаралы митингі өткізуге тыйым салды. Шеруді қаланың шетінде өткізуге мәжбүр болдық. Төбемізден тікұшақтармен бақылап жүрді. Оның шуының өзі құлақ-етімізді жеп қойды. Жиыннан береке кетті. Не айтып, не қойғанымызды білмедік.

Crimean_Tatar_language_on_airport_bus_SimferopolҚырым татарлары ұлттық туының мерекесін әдепкі нұсқада атап өтуге тағы кедергі келтірді. Бұл шараны да Симферопольдің сыртында өткізуге мәжбүр болдық.Тағы сол күзет, ОМОН бақылап жүрді. Сыртымыздан қоршап тастады.

26 ақпанда Қырым автономды Республикасы Жоғары Кеңесінің алдында бейбіт шеру өткізген азаматтарды тергеуге алды, үйлерін тіміскіледі, тұтқындады. Ең қызығы, бұл кезде референдум әлі өткізілмеген болатын, ал Қырымда украин жалауы желбіреп тұрған...

Басқыншы билік мұнымен шектелген жоқ. Кейіннен Меджлис төрағасының орынбасары Ахтем Чийгозаны қамауға алды, артынша қырым татарларының хабар тарататын күллі әлемдегі жалғыз телеарнасы АТР-ді, балалар телеканалы «Ляляны» және «Мейдан» радиостансасын жапты. Мұны әрі қарай да жалғастыра беруге болады. Мысалдар өте көп. Қайсібірін айтайын. Естір құлақ, көрер көз болса, қырым татарларының бүгінгі жағдайы ескерілер. Тек шыдам керек.

– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан, Думан БЫҚАЙ



АНЫҚТАМА

Ильми УМЕРОВ. Украинаның мемлекеттік қайраткері. 2015 жылдан бастап қырым татарларының Меджлисі төрағасының орынбасары. 2002-2005 жылдардың аралығында Қырым Жоғары Кеңесі төрағасының орынбасары, 2005-2014 жылға дейін Бақшасарай аудандық мемлекеттік әкімшілігінің төрағасы қызметін атқарған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x