ҚазҰУ жетекші еуропалық университеттер қатарында

Dalanews 14 желт. 2018 05:07 135

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Academic Ranking of World Universities-European Standard» («ARES») атты беделді еуропалық рейтингісі бойынша Қазақстанның жоғары оқу орындарының арасында көшбасшы болды. Ол өзінің «АА» көрсеткіштері бойынша еуропалық жетекші университеттердің қатарына кіріп, «А+» және одан төмен бағаларға ие болған басқа қазақстандық ЖОО-дың анағұрлым алдында тұр.

Еуропалық ғылыми-өндірістік палатасы жүргізетін жоғары оқу орындарының рейтингісінде келесі көрсеткіштер ескеріледі: жоғары сапалы білім беру; зерттеу және инновациялық қызмет, жұмыс берушілердің түлектерге сұранысы және т.б. Университеттердің студенттерді кәсіби білім мен біліктілікпен, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысумен, сондай-ақ болашақ жұмыс берушілермен байланыс орнатумен қамтамасыз етуге қабілеттілігіне ерекше назар аударылады.

«ARES» халықаралық рейтингісі 2011 жылдан бері жүргізілуде, ол мемлекеттер бойынша қызметі еуропалық стандарттарға сәйкес келетін университеттерді саралайды. Биылғы жылы аталмыш рейтінгіде Қазақстанның 96 жоғары оқу орны қатысты. «ARES»-тің нәтижелері әлемнің жетекші рейтингілік агенттіктерімен ескеріледі.

ҚазҰУ әлемдік деңгейдегі ғылыми-зерттеу университетіне айналу бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде және ғаламдық ғылыми-білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілеттілігін арттыруда, бұл оның халықаралық рейтингілерде табысты ілгерілеуіне ықпал етеді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x