Мамин ШҚО-да эпидемиологиялық ахуалға қатысты селекторлық кеңес өткізді

Dalanews 08 қар. 2020 09:45 287

Шығыс Қазақстан облысына ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин, вице-премьер Роман Скляр, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жұмыс сапарымен келді

Үкімет басшысы Асқар Мамин жұмыс сапары барысында Шығыс Қазақстан облысының Ситуациялық орталығына барып, өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай мен қабылданып жатқан шаралар туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар, Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов, Зайсан ауданының әкімі С.Зайнулдин, Риддер қаласының әкімі Д.Горьковой, Алтай ауданының әкімі Қ.Байғонысов және денсаулық сақтау министрі А.Цой баяндады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирус инфекциясымен ауырғандардың 50%-ы Шығыс Қазақстан облысында анықталған. Ауруды жұқтырғандар саны бойынша облыс қызыл аймақта орналасқан. Өткен аптамен салыстырғанда, өңірде сырқаттанушылық 5,4 есеге өсті, күн сайын 350-ден аса ауру тіркеліп отыр, жағдайы ауыр науқастардың саны артты.

7 күн ішіндегі R репродуктивті саны 1,25 құрайды. Инфекциялық төсек-орындардың жүктемесі 23%, реанимациялық төсек-орындар жүктемесі 27,8% жетті. Аурудың аса  жоғары көрсеткіштері Өскемен және Семей қалаларында байқалып отыр.


Үкімет басшысы ШҚО әкімдігіне коронавирус инфекциясының одан әрі таралуына жол бермеу, халыққа санитарлық талаптарды түсіндіру және олардың сақталуын бақылау, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті нығайту, медициналық мекемелерді білікті кадрлармен толықтыру үшін жағдай жасау бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x