Баталов: "Биыл біздің өңірде 500 шақырымға тарта жол жөнделеді"

Dalanews 04 сәу. 2020 09:09 300

 Күре жолдың күрмеуі шешілетін күн алыс емес. «Жол қадірін жүрген біледі» демекші, жүргізушілер үшін жағымды жаңалық бар. Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында автокөліктің қауіпсіз және үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылы жөндеу жұмыстары басталады.

Әдетте, қараша халық Республикалық маңызға ие бас қалалардың жолы ғана басшылық назарына ілігеді деп назданады. Енді оған себеп жоқ. Бұдан былай  қара жол тақтайдай тегіс болмақ. Осы үшін қазынадан жалпы сомасы 26 420 ,499 млн. теңге қаражат бөлінді. Оның 10 908,961 млн. теңгесі республикалық бюджеттен берілсе,  жергілікті қаржы қамбасынан – 15 511,538 млн. теңге аударылған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтің "сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Жолдауында азаматтардың жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету және ел экономикасының одан әрі өсуі үшін барлық күш-жігерді салу тапсырылды. Осы жұмыстың бір бағыты жол жабынын жақсарту болып табылады.  Бұл сала өңір басшысы Амандық Баталовың  ерекше бақылауында  болып келеді.

Осы ретте, игілікті шаруаға қарастырылған қыруар қаражатқа ағымдағы жылы  491,6 км жолды жөндеу жоспарланған.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың айтуынша, індетке қарамастан, өмір жалғасуда, сондықтан халықтың өмір сүру сапасын жақсартатын жұмыстарды орындау қажет.


-Әрине, қазір ауыр кезеңде  тұрмыз, бірақ біз босаңсымау керекпіз.  Біздің алдымызда шешілуі тиіс көптеген міндеттер тұр. Олардың бірі жаңа заманауи жолдарды салу және жұмыс істеп тұрған жолдарды жөндеу болып табылады, - деп атап өтті Амандық Баталов.

Бүгінгі күні Алматы облысында 5 учаскеде жол құрылысы және қайта жаңарту жұмыстары басталды. Атап айтсақ, Балқаш жағалауындағы демалыс аймақтарына апаратын 19 км автожолдар қайта жаңартылады. Оның ішінде:  "Алматы-Өскемен-Лепсі-Ақтоғай" бағытындағы 0-110 км трасса, жол учаскесі  0-35 км. Қалпына келтіріледі. Күре жолды қайта жаңарту  үшін берілген пұлдың  жалпы құны-9 811,152 млн.теңге.  Көрсетілген ақшадан 2020 жылға 3 031,690 млн. теңге бөлінген. Жобаны іске асыру мерзімі   2017 – 2021 жылдар аралығын қамтиды.  (РБ – 2 431,690 млн. тг, ЖБ – 600, 0 млн. тг). 2021 жылға арналған қалдық сома – 931,633 млн. теңгені құрайды.

Осы жылдар аралығында игерілген  қаражаттың құны  5 847,829 млн. теңгені құрады, оның ішінде:

-2017 жылы – 0, 992 млн.теңге ;

-2018 жылы  – 1 887,117 млн.теңге ;

-2019 жылы – 3 959,720 млн.теңге ;

Аталған, трассаның жөндеу жұмысына жауапты мердігер компания - «ЖОЛ» ЖШС бекітілген.

Кезекті күрделі құрылыс жүргізілетін жер "Сарыөзек-Қорғас-Қоғалы-Көксу-Қарабұлақ" аумағы. Бас мердігер - «Талдықорган Жолдары» 94-122 км қара жолды жаңартуды  жауапкершілігіне алды.  Ескелді ауданының өзінде  12 км  жол жөндеуден өтеді.  Жобаның жалпы құны – 2 609,284 млн.теңге.  Ағымдағы жылға республикалық бюджеттен – 409,726 млн. теңге,  жергілікті қазынадан– 214,512 млн. теңге, ортақ бағасы   624,238 млн. теңге бөлінді.

Осы уақытқа дейін 2017 жылы - 0, 987 млн.теңге   2018 ж. -986,568 млн.теңге 2019 ж. – 997,491 млн.теңге жұмсалып, жалпы алғанда 1 985,046 млн. теңге игерілді.

Тағы да бір жөндеу көретін жолдың қатарында Қарақастек-Сұраншы батыр" авто жолдары бар. Жамбыл ауданының 7 км  жолы жаңартылады деп күтілуде.  548,192 млн.теңгеге жол жөндеуден өтпек.  Жобаны іске асыру мерзімі – 2019-2020 ж.   Биылғы жылға жылға – 298,192 млн. теңге қарастырылған. Бұған жауапты бас мердігер- «ЖОЛ» ЖШС болып табылады.

Ендігі де Талғар халқыда шұңқыры жоқ жермен жүретін болады. Талхиз қаласын айналып өту" автожолын қайта жаңартуға жалпы құны – 1 831,088 млн.теңге бюджеттен берілген. Жұмысты жүзеге асыру уақыты – 2019-2021ж.ж.

Ал, осы жылы қолға алынған істі аяқтауға 663,172 млн. теңге бөлінген. 2019 жылға дейін атқарылған шаруа кезеңінде 520,0 млн.теңге маңайында қаржы жаратылған. Қыздың жиған жүгіндей етіп жұмысты іске асыруды «Есік Жолдары» ЖШС мойнына алған.

«ДСУ-13» ЖШС Қарасай ауданына қарасты Шамалған станциясының аумағында жөндеу жасауды әлде қашан бастам кеткен.  Олар жер үсті жаяу жүргіншілер жолын қалпына келтіруге кіріскен. Жоспарға сәйкес, шаруа -2019-2020 ж. ж.аяқталуы тиіс.  Сол үшінде -280,0 млн.теңге аударылған. Жұмыс басталғаннан бері 50,0 млн. теңге ақша игерілді.    Дәл осындай жаяу жүргіншілерге арналған жолды жаңарту Еңбекшіқазақ ауданында да іске асырылуда. Құрылысқа  – 137 млн.теңге. бөлініп, бас мердігер компания- "АлматыДорСтрой" ЖШС, белгіленген шаққа дейін жұмысты аяқтауға білек сыбанған.

Бұдан басқа, қазіргі таңда Алакөл, Ескелді, Жамбыл, Қаратал, Райымбек аудандарында 11 көпірді күрделі жөндеу бойынша дайындық жұмыстары аяқталып, құрылыс-монтаж жұмыстары басталды.

Сондай-ақ, Алматы облысының 28 учаскесінде облыстық маңызы бар автожолдарды орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осы жұмыс түрімен жыл соңына дейін 347 км облыстық маңызы бар автожолдарды қамту жоспарланып отыр және облыс аумағында қазіргі уақытта Талғар, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Панфилов, Ұйғыр және Іле аудандарында автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жұмыстары жүргізіліп жатқанын айта кеткен жөн.

Осылайша, Алматы облысындағы көліктер  жаңа жолда зуытқитын болады.

 Анар САБЫРОВА 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x