Шығыста бір күнде 94 мың медициналық маска тегін таратылды

Dalanews 23 нау. 2020 17:32 223

 Бүгіннен бастап Шығыс Қазақстан облысында өңірдің 470 мың мың азаматын төтенше жағдай кезінде бірнеше мәрте қолдануға болатын маскалармен тегін қамтамасыз етілмек.


Халықттың пікір ұсыныстарына саралай келе, ШҚО барлық зейнеткерлері мен көпбалалы отбасылары сонымен қатар,  соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері, атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, бірінші, екінші, үшінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар, жетім балалар жергілікті жердегі жұмыспен қамту орталығынан барып ала алады немесе осы бөлімнің қызметкерлері және еріктілер тобы үйінен шығуға мүмкіндігі жоқ жандарға мекен жайларына дейін жеткізіп беруде.



Бірнеше мәрте қолдануға келетін көп қабатты маскалар Семейдің "Семейспецснаб" және "УК Юнис"  кәсіпорындарында бірнеше күннің ішінде тігілген.


Семей қаласы бойынша бір күнде 13 мың маска таратылғанын айта кетелік.


  Сонымен қатар коронавирус пандемиясына қарсы ақпараттық жаднама қоса берілуде. Науқан барысында барлығы 470 мың медициналық маска тегін таратылады.


Бұдан бұрын Семейде медициналық маска өндірісі басталғанын хабарланбыз. Бүгінгі күні тапшы дүниенің орнын толтыру үшін Семейде тәулігіне 100 мың, бірнеше мәрте қолдануға келетін медициналық маска шығарыла бастады.


Қаладағы тігін кәсіпорындарында болған ШҚО әкімі бетперде тігуге шикізатпен қиындық жоқ деді.

Көпреттік бетперде шығару Семейдің жеңілөнеркәсіптік кәсіпорындарына жүктеліп отыр. Облыстың тағы 10 кәсіпорынымен келісімшарт жасалынған.

Солардың бірі – «Семейспецснаб». Бүгіннен бастап, аталмыш компания тәулік бойы жұмыс істейтін болады. Тігін кәсіпорындары жетекшілерінің пікірінше, Семей қаласы қойылған талапты орындауға әзір. Яғни, екі апта ішінде олар халықтың бетпердеге деген сұранысын қанағаттандырмақ ниетте.

Шикізатты толықтай өздері өндіретін «УК Юнис» ЖШС басшысы «10-15 күн ішінде өңір тұрғындарының сұранысын толығымен қамтамасыз етеміз» дейді Юрий Келенцев.  

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x