Бородулиха ауданындағы алты ауыл абаттандырылды

Dalanews 23 қаз. 2019 12:15 330

Шығыс Қазақстан облысындағы Бородулиха ауданында алты ауылдық округті абаттандыру жұмыстарына 60 миллион теңге бөлінді. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бородулиха ауданының әкімі Ольга Булавкина мәлім етті.

Оның айтуынша, аудан орталығы – Бородулиханы абаттандыру жұмыстарына облыстық бюджеттен 100 миллион теңге бөлінді. Сондай-ақ Переменовка, Жаңа Шүлбі, Новопокровка, Белағаш, Жезкент кентін көркейтуге 60 млн теңге қарастырылды.

Бородулиха ауданындағы Жеңіс саябағы, Новопокровка ауылындағы тротуарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Балаларға арналған ойын алаңы қолданысқа берілді.

Переменовка, Жаңа Шүлбі, Белағаш ауылдары мен Жезкент кентінде төрт «Street workout» алаңы салынды. Оған 40 млн. теңге жұмсалды.


Сондай-ақ Бородулиха ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аумағы көркейтіліп, бірқатар жұмыс атқарылды. Сонымен қатар шағын футбол алаңының құрылысы басталған. Осы мақсатта 13 млн теңге қарастырылған.

Ағымдағы айдың соңында бұл нысан ел игілігіне пайдалануға берілді. Жолаушыларға арналған модульдік мекеме салынуда.  Қазір онда электр желісін тарту, жарықтандыру, орталық сумен қамтамасыз ету, алаңды асфальттау, автокөліктерге арналған алаң, қоқыс жәшіктері мен орындықтар қойылуда. Оған арнайы тендер өткізілді. «Ремнев» ЖК-мен келісімшарт жасалғанын әкім мәлімдеді. Үстіміздегі жылдың қазан айының соңына дейін жолаушыларға арналған модульдік орталық пайдалануға беріледі.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x