Кентаудағы мәдени орталықтардың саны 20-ға жетті

Dalanews 09 желт. 2018 05:43 257

Қазіргі таңда Кентау қаласы және оған қарасты ауылдық округтерде жалпы саны 20 мәдениет ошағы және 39 кітапхана халыққа қызмет көрсетуде.

Ағымдағы жылы мәдениет ошақтарында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақалалары аясында 1124 әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізілген екен.

Республикалық және облыстық деңгейде өткен байқауларда қаламыздың өнерпаздары 3 бірінші орын, 1 екінші орын, 3 үшінші орындарды және бірнеше номинациялар мен алғыс хаттарға ие болды.

Қалада мәдениет саласына жылдан-жылға басым көңіл бөлініп отыр. Оның ішінде балдырғандарға, жеткіншектерге арналған үйірмелер ұйымдастырылып, оған қатысушылардың саны артып келе жатыр

Халық санының аздығына қарамай домбыра, би, қуыршақ театры және драма, қолөнер үйірмелеріне басымдық берген.


Қазіргі таңда, Хантағы  және Байылдыр ауылдық клубынан құрылған "Қуыршақ театры" үйірмесі Кентау, Түркістан қалаларындағы мектептер мен балабақшаларға өз қойылымдарын беріп үлгерген. Алдағы уақытта Кентау өнерпаздары Түркістан өңірінің өзге де аудандарына сапарға шығуды жоспарлап отырған жайы бар.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар