Пробация қызметі қылмыстың төмендеуіне ықпал етеді

Dalanews 28 қар. 2018 14:42 309

Сарыағаш аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органның отырысы болып өтті.

Отырыстың күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Олар – пробация қызметінде тіркеуде тұрған және рақымшылық етілген азаматтар мен атқарылған жұмыстар, пробация қызметінде тіркеуде тұрған және түзеу мекемелерінен бостандыққа шыққан азаматтарды жұмыспен қамту және 1 пайыз квотаның орындалу барысы талқыланды.

Осыдан біршама уақыт бұрын Сарыағаш қаласында пробация тізімінде тұрған азаматтарға арналған «Пробация» орталығы ашылып, жұмысын бастаған болатын. Бүгінде орталық шартты түрде бас бостандығынан айырылған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсетіп келеді.

Сонымен қатар «Пробация» орталығының басты мақсаты пробация тізімінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту, жеке кәсібін ашамын дегендерге қолдау білдіру, психологиялық көмек көрсету, мамандық меңгеру, кәсіпкерлікті қолдау үшін несие алу, орта білім алу, құжаттандыру, медициналық көмек, құқықтық көмек және өзге де жәрдем түрлеріне қызмет көрсетеді.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Сарыағаш аудандық пробация қызметі бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы А.Байтеннің және халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Д.Динашованың баяндамалары тыңдалды. Жиынға консультациялық-кеңесші органның мүшелері қатысты.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз хатшысы

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x