Түркістанда аудан әкімдері есеп бере бастады

Dalanews 29 қар. 2018 08:29 232

Түркістанның облыстың орталығына айналғанына 5 айдың жүзі болды. Міне содан бері Түркістанда бірнеше аудан-қала әкімдерінің баспасөз мәслихаты өтті.

Таяуда Сайрам ауданының әкімі Бақтияр Мамаев журналистердің алдында 2018 жылдың 10 айын қорытындылап, аудан әлеуметтік-экономикалық дамуына шолу жасаса, бұдан кейін эстафетаны Түлкібас ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков жалғады.

Аудан тізгінін былтыр көктемнің алғашқы күнінде қолына алған азамат күні бүгінге дейін қарқынды, жемісті еңбек етіп келеді. Басқа аудан-қалалармен салыстырғанда, мұнда әлеуметтік мәселелер тәп-тәуір шешімін тапқан. Мемлекеттік бағдарламалар да ретімен жүзеге асырылуда. Әсіресе, туризмнің дамуына күш салып жатқаны қуантады.

Сондай-ақ ауданның 90 жылдық мерейтойын өзгелерге үлгі боларлық деңгейде ұйымдастырғаны да ел аузында жүр. Сәтін салса, аудан атауының Түлкібастан Түркібасыға ауысуы да Нұрекеңнің әкімдік етіп тұрған мерзімімен тұспа-тұс келмекші.

Айтпақшы, биыл көктемде "Қызғалдақ" фестивалін республикалық деңгейде айтулы шара етіп ұйымдастырған Түлкібас ауданына Елбасының кеше жарық көрген "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласының тікелей қатысты тұсы бар. Алма мен қызғалдақ ше?! Түркістан өңірінде бұл ауданның, расында да, алма мен қызғалдақтың отаны екеніне ешкім таласа қоймас. Сондықтан ендігі жерде тек қызғалдақты емес, алманы қосып насихаттаудың амалдарын қарастырған жөн шығар. Барды бағалағанға бақ қонады.

Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, ісіңізге сәттілік, жеміс, береке тілеймін! Алла абыройыңызды биік етсін, бауыр!

 

Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x