Түркістан облысының кәсіподақ ұйымдары Тұңғыш Президенті күнін ерекше қуанышпен атап өтті

Dalanews 30 қар. 2018 08:09 293

Түркістан облысының кәсіподақтар орталығына қарасты аумақтық кәсіподақтар бірлестігі «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне» орай «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы» атты жиын өткізді.

Жиынға салалық кәсіподақ ұйымдарының басшылары мен белсенді кәсіподақ мүшелері қатысты. «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіподақтар Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов жиынға қатысушыларды мерекемен құттықтап, медальдар мен құрмет грамоталарын табыс етті. Өз сөзінде:

– Көреген басшы елді өсіреді, Күшті майдан ерді өсіреді» деп дана халқымыз айтқандай, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында, 27 жылға жуық уақыт ішінде, еліміз қол жеткізген мақтанарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік, – деп атап өтті. Мерекелік марапаттауда Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 21 қарашадағы Жарлығымен «Шымкент профсервис» ЖШС-нің бас маманы Датқаев Әділжан Әбдіқайырұлына «Астананың 20 жылдығы» төс белгісі тапсырылды.

Сонымен бірге аумақтық кәсіподақтың құрмет грамоталарымен: Қыпшақбаева Ақмарал Сатыбалдықызы – Шымкент мемлекеттік дендрогеологиялық саябағы кәсіподақ ұйымының төрағасы; Бектемірова Шакира Тахировна – Облыстық мәдениет саласы кәсіподағының есепшісі; Тлеулов Эрнст Джельдыбаевич – М.Әуезов атындағы ОҚМУ-қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары; Кравцова Татьяна Витальевна – №105 «Елгезек» бала бақшасының кәсіподақ комитетінің төрайымы; Жанысбаев Амангелды Боранбаевич - №94 жалпы орта мектебінің кәсіподақ ұйымының төрағасы; Нуралиев Данияр Чимкентбаевич - №103 жалпы орта мектебінің кәсіподақ ұйымының төрағасы; Амиров Базарбай Анафьянович - Түркістан медициналық колледжінің оқытушысы; Қарабаев Жарқын Құрманбекұлы - Шымкент қаласы Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бастауыш кәсіподақ комитетінің төрағасы; Елекеева Қарашаш Акимтайқызы - Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің архивисті; Батыршаев Нуржан Мухамбетжанулы – №2 Түркістан облыстық перинатальдық орталығының бөлім меңгерушісі; Ұзақов Әмірхан Әділханович - ЛТД тұрмыс жүргізушісі; Мейірманов Шухрат Роушанович - ЛТД тұрмыс жүргізушісі; Некрасова Людмила Александровна - «Ер-Нур» ЖШС-і ксіподақ комитетінің төрайымы; Курбанкулов Розақұл Умаркулович – ЮКМЗ АҚ-ы инструментальдық цехының шлифовщигі; Нақыпбекова Айгул Әбдіғалиқызы – Қазпошта сұрыптаушы Булдырыкова Айнур Кожахметовна – Шымкент қаласы жоғарғы медициналық колледжі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы; Жанбырбай Нұрлан Бақытұлы – «ПетроҚазақстан» ЖШС-нің газдан құтқарушысы марапатталды.

 

 

Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x