«Jetisý Style» жастардың шығармашылық әлеуетін көтеру

Dalanews 14 там. 2018 04:13 293

Таяуда Талдықорған қаласы, Қаратал өзенінің жағалауында Халықаралық жастар күніне орай, «Jetisu Style» облыстық жастар фестивалі өтеді. Алматы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы және жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткізілетін шараға аудандар мен қалалардан 200-ге жуық жас талант келеді деп жоспарлануда.

Шара мақсаты – аймақтағы жастар арасында шығармашылық қарым-қатынас орнату, тәжірибе алмасу үшін жағдай жасау, жастардың шығармашылық әлеуетін көтеру.

– Шра облысымызда 25-ке жуық алаң ұйымдастырылады. Алаңда Алматы облысының қалалары мен өңірлерінен келетін 100 домбырашылар  белгілі  күйші-композиторлардың күйлерін орындаса, жоғары жылдамдықпен автокөліктерде жүруді қалайтындар үшін арнайы картинг алаңы жасақталды. Ал, World Wood ағаш шеберханасының өкілдері  жұмыстарын фестиваль конақтарына тарту етеді. Сондай-ақ фестиваль қонақтары көрмеде ұнаған бұйымдарды сатып алуға болады, – дейді Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Ерлан Жақыпов.

Сонымен қатар Қаратал өзенінің жағалауында  киіз үй орнатылады. Көрмеге келушілер қазақтардың жиналмалы, жылжымалы үйінің құрылымымен, ішкі жиһаздарын тамашалап, қазақы дастарханнан дәм тататын болады.

12 қанатты киіз үйде М. Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қорының жәдігерлері назарға ұсынылса,этноауыл алаңында алтыбақан орнатылып, қала тұрғындары қазақтың 7 қазынасы -жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазымен суретке түсе алады.

2018 жылдың 15 шілдесінен бастап қала жастары арасында заманауи өнер түрлерінен байқау ұйымдастырылған болатын. Іріктеу кезенінен өткен 18 қатысушы «Jetisý Style» фестивалінің  финалдық кезенде бақ сынасады.  2 адамнан тұратын 5 команда K-POP бағытында бақ сынасады.

Шараның ең қызықтысы «JetisýHand madе» шеберлерінің көрме-саудасы болмақ. Көрмеге  50- ге жуық қолөнер шеберлерінің туындылары қойылады.

Аталмыш шарадаНұрлан Жартыбековтоқыма тоқудан рекорд жаңартпақшы.

– Ұйымдастырылып отырған шараға қатысып, Қазақстан рекордтар кітабының тізіміне енгім келеді. Ол  үшін үш тәулік бойы еш көз ілместен ұзындығы 30 см болатын жібек мойын орағышын тоқимын. Әлемдік рекордта Бразилиялық азамат 62 сағат тоқыма тоқыса, мен 72 сағат отырып рекордты жаңартқым келеді, – дейді шара қатысушысы.

Айта кетейік, Нұрлан Жартыбеков тоқыма тоқуды 13 тамыз күні жастарға қызмет көрсету орталығында бастады. Нәтижесі 16 тамызда «Jetisý Style» фестивалінде анық болады.Сондай-ақ фестивалдің басты қонағы болып, жастар арасында кеңінен танылған жұлдыздар «Raim мен Artur» өнер көрсетпек.10 аниматор, 4 косплей және «Золотой цирк Сибири» кейіпкерлерінен құралған өнербаздар бүлдіршіндерге тамаша күй сыйлайтын болады.

 

 

Балжан Жұманбекова

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x