Тоқаев министрден жаңа спорт түріне назар аударуын сұрады

Көркем Алдабергенова 26 нояб. 2024 16:21 1422

Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновты қабылдап, бірнеше тапсырма беріп, танымалдығы артып келе жатқан падел спортына назар аударуды сұрады, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Алдымен министр Ербол Мырзабосынов президентке атқарылған жұмыстар жайлы есеп берді:

  • отандық спорт саласын кешенді реформалау жөнінде бұған дейін берілген Президент тапсырмаларының орындалу барысын баяндады;
  • балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, төрешілер мен мамандар біліктілігін арттыру, легионер санын азайту, федерациялар жұмысын оңтайландыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді:
  • салаға вертикалды басқару жүйесін енгізу шаралары басталған. Осы мақсатта министрлік жанынан арнайы құрылған топ мүшелері өңірлердегі спорт саласының жағдайына жан-жақты талдау жүргізген;
  • қолданыстағы "Дене шынықтыру және спорт туралы"заңға негізгі басымдықтарды айқындайтын өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін жұмыс тобы құрылған;
  • халықаралық федерациялармен ынтымақтастық аясын кеңейту, спорт инфрақұрылымдарын жетілдіру үшін жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр;
    еліміздің туристік әлеуетін арттыру шаралары туралы мәлімет берді:
  • шетелдік саяхатшыларға түрлі мүмкіндіктер ұсынатын Neo Nomad Visa жобасы іске қосылған;
  • Президент тапсырмасына сәйкес Алматы тау кластерін, Маңғыстау және Бурабай курорты аймақтарында жағажай туризмін дамыту жөнінде кешенді жоспар әзірленіп жатыр;
  • Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті құрылып, лудоманияға қарсы күрес қолға алынған.

Қасым-Жомарт Тоқаев министрге спорт және туризм салаларын одан әрі жетілдіру жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді. Атап айтқанда, алдағы уақытта өтетін халықаралық спорт додаларына дайындық деңгейін пысықтауды, сондай-ақ елімізде танымалдығы артып келе жатқан падел спортын ілгерілетуге назар аударуды тапсырды.


Рекомендовать
Последние новости