Сенатта жеті заң жобасы бірінші оқылымда талқыланады

Көркем Алдабергенова 18 дек. 2025 11:21

Бүгін Сенаттың күн тәртібіне бірінші оқылымда қаралатын жеті заң жобасы шығарылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Олардың ішінде қоғамда кеңінен талқыланып жүрген бірқатар өзекті нормалар бар.

Атап айтқанда, ЛГБТ насихатына шектеу қою, бет-жүзін бүркеген азаматтарды жауапкершілікке тарту, электр самокаттарды міндетті тіркеу, сондай-ақ заңсыз жолмен алынған активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселелері қарастырылмақ.

Сонымен қатар заңсыз активтерді қайтару рәсімін жеделдету және өз еркімен мойындаған тұлғаларға жазаны жеңілдетуге қатысты ұсыныстар да талқылауға шығарылған.


Рекомендовать
Последние новости