"Бас бостандығыңнан айырмаймын": Антикор Ақтау қалалық сотының төрағасын ұстады

Сағыныш Сардарова 10 июн. 2024 12:58 3433

Ақтау қалалық сотының төрағасы ұсталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР ҚПК 550-бабына сәйкес Бас прокурормен келісілген сотқа дейінгі тергеу шеңберінде Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі Ақтау қалалық сотының төрағасын ұстады.

"Ол сенімді адам, яғни Ақтау қаласының тұрғыны арқылы сотталушыдан оған қатысты бас бостандығынан айырудан басқа жазаға үкім шығару сылтауымен 18 миллион теңге көлемінде ақшалай қаражат алған. Қылмысқа қатысушы қамауға алынып, Ақтау қаласының тергеу изоляторына қамалды", - деп жазылған хабарламада.

Антикор Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпаратты жария етпеді. 


Рекомендовать
Последние новости