Қазақстан мен Сауд Арабиясы әуе қатынасын жүзеге асыру мүмкіндігін кеңейтті, деп хабарлайды dalanews.kz.
26 тамызда Эр-Рияд қаласында (Сауд Арабиясы Корольдігі) Қазақстан Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасындағы Әуе қатынасы туралы келісімге қол қою рәсімі өтті.
Құжатқа қол қою азаматтық авиация саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаны нығайтып, екі ел арасындағы тұрақты әуе қатынасын одан әрі дамытуға қосымша мүмкіндік ашқан.
Келісім сауда-экономикалық және іскерлік байланыстарды одан әрі дамытуға, инвестициялар тартуға, сондай-ақ, туристік және мәдени ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді. Қол жеткізілген уағдаластықтар аясында тараптар тұрақты рейстердің рұқсат етілген санын аптасына 28 рейстен 70 рейске дейін ұлғайтты.
Тасымалдаушылар Астана мен Эр-Рияд арасында тікелей тұрақты рейстер ашуды, сондай-ақ, Сауд Арабиясының басқа қалаларына орындалатын бағыттар санын арттыруды жоспарлап отыр.