Иранда үкіметке қарсы өткен жаппай наразылық кезінде қаза тапқандар саны 500 адамнан асты. Аталған жағдайға байланысты елде үш күндік ұлттық аза тұту жарияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Иран президенті Масуд Пезешкиан 12 қаңтар күні өтетін аза тұту шарасына тұрғындарды да қатысуға шақырған.
АҚШ-та орналасқан HRANA құқық қорғау ұйымы таратқан дерекке сәйкес, қаза тапқандардың ішінде 490 наразылық білдіруші және Иранның қауіпсіздік құрылымдарының 48 қызметкері бар. Сонымен қатар ел бойынша шамамен 10 мың адам қамауға алынған. Ал Иран билігі адам шығынына қатысты әзірге ресми ақпарат таратқан жоқ.
Наразылық акциялары елдің барлық провинциясындағы 186 қала мен елді мекенді қамтыған.
