Freedom Inside '26

Вьетнам мен Габоннан оралған қазақстандықтардан безгек анықталды

Вьетнам мен Габоннан оралған қазақстандықтардан безгек анықталды
Фото: Ru.freepik.com

Алматыға Вьетнам мен Габоннан келген екі тұрғыннан безгек ауруы анықталды. Диагноз зертханалық тексеру нәтижесінде расталып, науқастар ауруханаға жатқызылған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы мәлімдеді.

Мамандардың сөзінше, қазіргі уақытта инфекцияның таралуына жол бермеу үшін қажетті эпидемияға қарсы шаралар жүргізіліп жатыр.

Жыл басынан бері Алматыда безгектің төрт жағдайы тіркелген.

Дәрігерлердің айтуынша, безгек адамға ауру қоздырғышын тасымалдайтын ұрғашы масалардың шағуы арқылы жұғады. Ал науқаспен күнделікті қарым-қатынас кезінде ауру жұқпайды.