Үндістанда 15 жыл үзілістен кейін алғашқы жалпыұлттық халық санағы басталды

Көркем Алдабергенова 01 сәу. 2026 16:55

Үндістанда 15 жыл үзілістен кейін алғашқы жалпыұлттық халық санағы басталды. Бұл – әлемдегі ең ауқымды санақ, ол 1,4 миллиардтан астам адамды қамтиды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тәуелсіздік алғаннан бері алғаш рет санақта азаматтардың касталық тиесілігі туралы деректер де жиналады.

Санақ екі кезеңде өтеді:

  • Алдымен тұрғын үй жағдайы мен инфрақұрылым туралы мәліметтер жиналады;
  • Кейін халықтың өзі туралы ақпарат (соның ішінде касталық құрылым) есепке алынады.

Толық нәтижелер 2027 жылға қарай жарияланады деп күтіліп отыр.

Жиналған деректер үкіметке әлеуметтік саясат, экономика және қала құрылысы салаларында шешім қабылдауға көмектеседі. Сонымен қатар, бұл мәліметтер сайлау округтерін қайта бөлуге әсер етіп, елдегі өңірлер арасындағы саяси тепе-теңдікті өзгертуі мүмкін.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove