АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен екі аптаға атысты тоқтату жөніндегі келісім және алдағы келіссөздер аясында Таяу Шығыста "алтын дәуір" басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Әлем үшін маңызды күн! Иран да соны қалайды, олар да, басқалары да шаршады. АҚШ Ормуз бұғазындағы жағдайды реттеуге көмектеседі. Алда көп оң өзгеріс бар. Үлкен табыс түседі. Иран қалпына келу үдерісін бастай алады. Бұл Таяу Шығыс үшін алтын дәуірге айналуы мүмкін", - деп жазды ол Truth Social желісінде.
Сондай-ақ, Дональд Трамп АҚШ "бәрі дұрыс жүргізілуі үшін қашан да жанында болатынын" атап өтті.
Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф пен Пәкістан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунирдің арағайындығы арқылы Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу туралы келісімге қол жеткізілуін құптады.
