Тоқаев үкімет неліктен отставкаға кеткенін ашып айтты

Азамат Қойшығара 06 ақп. 2024 15:21 4550

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәжілістің пленарлық отырысында кеше үкімет жұмысы неліктен уақытша тоқтағанын түсіндіріп берді деп хабарлайды Dalanews.kz

“Жаңа тәсілдер дайындалады. Үкіметке жаңа леп беру керек деп ойлаймын. Қоғам да осыны күтіп отыр. Сол себепті Әлихан Смайыловтың отставкаға кету туралы арызын қабылдадым”, – деді президент.

Кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел үкіметін отставкаға жіберу туралы қаулыға қол қойған болатын.

Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламент мәжілісінің және Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар