"Бүгін ҚР-ның азаматы Қуат Ахметов пен Әзірбайжан Республикасының азаматы Исфандияр Вагабзаде Ресей Федерациясына 50 жыл мерзімге кіргізілмеуі туралы шешім қабылданды. Олар интернет желісінде ұлтаралық алауыздықты тудыратын мәлімдемелер жасаған", - делінген Ресейдің ІІМ хабарламасында.
Бұған дейін Қазақстан тұрғыны, "Til Maydani" YouTube-арнасының негізін қалаушы Қуат Ахметов өз арнасында дүкендер мен қоғамдық тамақтану объектілері қызметкерлерінің мемлекеттік тілде қызмет көрсете алмауына байланысты туындаған жанжалдар бейнеленген бейнежазбалар топтамасын жариялаған болатын. Олар түсірген бейне сипаттамасында автор "фашистер", "мигранттар" деген дөрекі сөздер қолданады.
Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев арна авторларының қызметін айыптап, құқық қорғау органдары оған әділ құқықтық баға беретініне сенім білдірді.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде өзін Әзірбайжанның Беларусь, Молдова және Пәкістандағы бұрынғы елшісі Исфандияр Вагабзаде ретінде таныстырған адам Жириновский мен орыс ұлтына тіл тигізіп, "шошқа", "есек" және т.б. сөздер айтылатын бейнеролик пайда болды.
https://www.youtube.com/watch?v=AVmyEyYzp8g