Тәтті деп алып өтпек болған: Таиландтан есірткі жеткізген 20 жастағы қыз 16 жылға сотталып кетті

Тәтті деп алып өтпек болған: Таиландтан есірткі жеткізген 20 жастағы қыз 16 жылға сотталып кетті
ашық дереккөз

Астанада есірткі контрабандасы мен оның заңсыз айналымына қатысы бар Қазақстанның екі азаматына сот үкімі шықты, деп хабарлайды dalanews.kz.

20 жастағы қыз ақшалай сыйақы үшін Таиландтан жалпы салмағы 4,7 келі каннабис экстракты салынған екі шабадан жеткізген, ол есірткіні тәттілер ретінде алып өтуге тырысқан.

"Заңсыз жүк елорда әуежайына келген бойда тәркіленді. Сот оған 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, 39 жастағы ер адам 2024 жылғы көктемде есірткіні халық тұтынатын тауарлар ретінде жасырып, Таиландтан Қазақстанға пошта қызметі арқылы жіберу схемасын ұйымдастырған. Есірткі жіберушіге іздеу жарияланып, ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкімдер заңды күшіне енген жоқ.