Солтүстік Қазақстан облысында жол жөндеумен айналысатын мердігер ұйымның техникалық қадағалау жөніндегі бас инженері пара алып жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды dalanews.kz QAZAQSTAN телеарнасына сілтеп.
Күдікті істелген жұмыстың аралық актісіне қол қою үшін келісім-шарттағы соманың 1 пайызын төлеуді талап еткен. Республикалық маңызы бар Волошинка, Сергеевка, Тимирязево бағытындағы тасжолды орташа жөндеу үшін 151 млн бөлінген болатын.
Бұл дерек бойыншы қылмыстық іс қозғалды.
"Техникалық қадағалау жүргізетін маман нысанда ақша сұрап жатқаны туралы ақпарат түсті. СҚО бойынша ҰҚКД техникалық қадағалаушы маманды пара алу кезінде ұстады", - деді "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ құрылымдық бөлімшесінің басшысы Азамат Камалиденов.